• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2016

Универсиада-2017 пошта маркалары шықты

173 рет
көрсетілді

"Алматы Аренада" Универсиада-2017-ге арналған пошта маркалары таныстырылды, деп хабарлайды "Қазпошта" Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі. "Бүгін сіздерге 28-Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017 жарысының ресми серіктесі - "Қазпошта" АҚ пошта операторының филиалы EMS-Kazpost компаниясын таныстырғымыз келеді. Серіктестік аясында Универсиадаға арналған пошта маркалары шығарылды. Мұндай ірі шараларға арнап шығарылған маркалар оның мемлекет үшін маңыздылығын көрсетеді", деді Универсиада-2017 дирекциясы директорының бірінші орынбасары Қайрат Биекенов. "Бүгін біз марканы айналымға енгіздік. Ертеңнен бастап біздің клиенттердің конверттерімен бұл маркалар әлемнің түкпір-түкпіріне тарайтын болады", деп атап өтті MS-Kazpost директоры Еркінбек Досқұжанов. Естеріңізге сала кетсек, 16 қараша күні Олимпиада жеңімпаздарына арналып пошта маркалары шыққан болатын.  
Соңғы жаңалықтар