YouTube қазақстандықтар 2016 жылы ең көп көрген роликтерді анықтады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Бір айта кетерлігі, музыкалық клиптердің қаралымы бойынша үздік ондықтың ішіне қазақстандық әншілердің тек үшеуі енген. Алғашқы орындарда Төреғали Төреәлінің "Қазақ қызға үйленем" атты әніне түсірілген бейнебаяны тұр.
Одан кейін аталған тізімде Қайрат Нұртастың "Байқа" әні мен Айдана Меденованың "Менімен биле" әніне түсірілген бейнебаян бар.
Музыкалық емес танымал видеоларға келер болсақ, қазақстандық тұтынушылар "Қазақфильм" түсірген “Темiр және Айдарhaн”, “Қошқар мен Теке” мультфильмдеріне басымдық беріпті.