Лондонда V халықаралық «Open Eurasian Literature festival & Book forum» әдебиет фестивалі аясында Оразалы Сәбден мен Әбдімәлік Әшіровтің «The Conceptual Strategy for Humankind's Survival in the XXI Century and Food Security» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлады Baq.kz.
Бұл кітапта авторлар адамзаттың назарын XXI ғасырдағы жаһандық мәселелерге аударып, оларды шешудің бірегей бағдарламасын ұсынады.
Кітаптың негізгі мақсаты – климаттың жаһандық өзгеруі, азық-түлік, судың жетіспеушілігі, теріс экологиялық процестер, жаһандық экономикалық дағдарыс, әскери және саяси қақтығыстар мәселесіне әлемнің назарын аудару.
Ұлыбритания кітап баспасының мәліметінше, кітап Австралия, Жаңа Зеландия, Канада, Швеция, Нидерланд, Дания, Ұлыбритания және АҚШ елдерінде сатылады.