Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда Мемлекеттік басқару академиясы мен өңірлік оқыту орталықтарына қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыру бойынша үлкен міндеттер жүктеліп отырғанын жеткізді.
«Осыған орай, біз оқыту бағдарламаларын біріздендіретін боламыз. Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың негізгі қағидаттары кәсібилік, көшбасшылық және инновациялылық болғандықтан, Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызметшілердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту бағдарламаларын жүзеге асырады, мемлекеттік қызметшілерді ұсынатын қызметтердің нәтижелілігін басқаруға және тайм-менеджментті, коммуникативтік дағдыларды пайдалана отырып, клиентке бағдарлану арқылы жаңаша жұмыс істеуге үйретеді. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілерді оқыту бағдарламаларына жобалық менеджменттің элементтері және SCRUM, Agile, Lean, «Кайдзен» секілді қазіргі заманғы басқару технологиялары енгізілген», – деп атап өтті Ф. Жақыпова. Бұдан бөлек, Мемлекеттік басқару академиясының ректоры бүгінгі күні еліміз бойынша шамамен әртүрлі деңгейдегі 25 мың мемлекеттік қызметші қайта даярлау мен біліктілікті арттыру курстарынан өткенін, оның ішінде Мемлекеттік басқару академиясы мен Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжі арасындағы әріптестік шеңберінде 200 қазақстандық мемлекеттік қызметші бірлескен оқыту курстарында білім алғанын мәлім етті. Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан»
•
08 Желтоқсан, 2016
Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың ортақ жүйесі құрылуда
382 рет
көрсетілді