Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады. Көбіне қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыстың кей жерлерінде қатты қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді деп хабарлайды еліміздің төтенше жағдайлар қызметінің ресми сайты.
Ақмола, Павлодар облыстарында бұрқасын болып, жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді.
Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел бұрқасынмен желдің күші 15-25 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді.