• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Күйдің тәтті күмбірі

180 рет
көрсетілді

Алматыдағы Ғылым ордасында Президент стипендиясының иегері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі халық аспаптары бөлімінің меңгерушісі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы Саят Ақбасовтың «Күй – көненің күмбірі» атты мерекелік концерті өтті. Бағдарламада Батыс, Арқа, Же­тісу, Қаратау, Маңғыстау, Сыр бойы, Алтай-Тарбағатай айма­ғы­ның күйшілік дәстүріндегі сирек орындалып жүрген туындылар мен халық күйлері және халық ком­позиторларының шығармалары жұртшылық назарына ұсынылды. Кеш барысында күйшінің жары, халықаралық, республикалық бай-қаулардың лауреаты Валентина Елеусінова «Шалқыма» фоль­клор­лық ансамблінің сүйемел­деуімен ән шырқаса, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген шәкірттері Бек­болат Әбдіберікұлы, Айбек Әрім­бек, Әлихан Пайыз, Есім­хан Төлем­бай күмбірлете күй төкті. – Алматының 1000 жылдығы мен Тәуелсіздіктің 25 жылдық ме­рекесіне ел азаматтары тай­лы-таяғымен үлес қосып жатыр. Осындай ұлық мейрамдар қатар келіп, «ақ түйенің қарыны жа­рылған» тұста, атқа қамшы салмасақ, өнерде жүргеніміз бекер болмай ма? Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Прези­дент стипендианты ретінде кезінде консерваторияға емтихансыз қа­былданып, тегін білім алдым. Елбасының демеуіне алғысымды білдіре отырып, сол жақсылықтың босқа кетпегенін, ұстаз ретінде, домбырашы ретінде мәдениет пен білім саласына үлес қосып жат­қанымды ел-жұртқа көрсеткім келді, – дейді Саят Ақбасов. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ