• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Суармалы жерлер көбейтілмек

168 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қыз­ме­тінде Қазақстан Респуб­ли­касының аг­ро­өнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дарламасы аясында 610 мың га суарма­лы жерді айналымға енгізу мен жер қаты­настарын жетілдіруге арналған баспасөз мәслихаты өтті. Оған Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары коми­те­тінің төрағасы Ислам Әбішев пен «Қазсушар» РМК директорының орын­басары Эрик Якубаев қатысты. Алдағы 5 жылда 610 мың га ау­мақ­­­тағы тұрақты суарылатын жер­дің ирригациялық жүйесін қалпына келтіру жоспарлануда. Атап айтқанда, Алматы облысында – 127 мың га, ОҚО – 99 мың га, ШҚО-да – 92 мың га, Жамбыл облысында – 86 мың га, БҚО-да – 40 мың га, Павлодар облысында – 30 мың га, Ақтөбе облысында – 29 мың га, Қызылорда облысында – 29 мың га, Қарағанды облысында – 28 мың га, СҚО-да – 28 мың га және Атырау облысынд 22 мың га, деп хабарлады Ислам Әбішев. Сонымен бірге, оның айтуынша, мем­лекеттік бағдарлама аясында 368 мың га аумақтағы көлдетіп суару жерін қалпына келтіру жоспарланып отыр.  Бұдан басқа, ескірген коллекторлық-дренаждық желілер қалпына келтірілмекші. Оның жалпы ұзындығы 13,2 мың шақырымды құрайтын болады. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»