• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Бала денсаулығы бәрінен қымбат

229 рет
көрсетілді

Кеше Астанада Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы мен Республикалық диагностикалық орталықтың дәрігерлері 700-ден астам баланы қабылдап, кеңес берді. Шарапатты шараны «University Medical Center» корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 қайырымды іс» акциясы аясында өткізіп отыр. Аталған іс-шара балаларға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалымен бірлесіп атқарылғанын айта кетсек дейміз. Акция шеңберінде «University Medical Center» корпоративтік қорының филиалдары Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және Республикалық диагностикалық орталықтың 14 түрлі бейіндегі 30-дан астам маманы: педиатр, хирург, ортопед, уролог, гепатолог, кардиолог, пульмонолог, нефролог, эндокринолог, гастроэнтеролог, невропатолог дәрігерлер қабылдауға келген балаларды қарап, кеңестер берді. Зерттеу нәтижесінде балалардың біраз бөлігі қосымша тереңдетілген диагностикалық зерттеуге бағытталды. Стационарлық емге мұқтаж балаларға жоспарлы емдеуге жатуға кеңес берілді. Сондай-ақ, тексерілген балалардың арасынан сырқаты күрделі балалар іріктеп алынды. Оларға 2017 жылғы қаңтар-ақпан айларында «University Medical Center» корпоративтік қорының филиалы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында оталар жасау жоспарланып отыр. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»