• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

«Астана» УЕФА рейтингінде екі саты төмендеді

97 рет
көрсетілді

Еуропа лигасы топтық кезеңінің соңғы матчтарын қорытындылай келе, УЕФА клубтық рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz. «Янг Бойздан» жеңіліп қалған (0:3) «Астана» 111-ші орыннан 113-ші орынға сырғыды. Қазақстан чемпионының активінде әдеттегідей 16.800 балл бар. «Астананың» топ бойынша барлық қарсыластарының қазақстандықтардан жоғары орналасқанын атап өткен жөн:  «Олимпиакос» - 26-шы (60.380), «Янг Бойз» - 68-ші (28.915), АПОЭЛ - 85-ші (24.110). «В» тобындағы ойындар аяқталған соңғы командалардың ұпай саны бойынша тізімі: АПОЭЛ - 12 ұпай, «Олимпиакос» - 8, «Янг Бойз» - 8, «Астана» - 5. АПОЭЛ мен «Олимпиакос» («Янг Бойздан» бұрынғы жеке кездесулердің артықшылығы арқасында) плей-офф кезеңіне шықты.