• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Биылғы маусымда «Астана» қанша табыс тапты?

170 рет
көрсетілді

«Астана» футбол командасы Еуропа Лигасының 2016/17 маусымының нәтижесі бойынша өз бюджетін қандай сомаға толықтыратыны белгілі болды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. Басылымның айтуынша, қазақстандық команданың жалпы табысы 4,2 млн. еуро. «Астана» Чемпиондар Лигасы біліктілік кезеңдерінің матчтарында 1 млн. еуро, ал Еуро Лигасының топтық кезеңіне өткені үшін 2,6 млн. еуро алды. Топта «Астана» футболшылары бір жеңіске қол жеткізді (360 мың еуро) және екі рет тең ойын көрсетті (120 мың еуро х 2). Сөйтіп, қосымша 600 мың еуро табыс тапты. Айта кетейік, өткен маусымда «Астана» командасы биылғы табысынан 13 млн. еуроға артық ақша тапқан болатын. Ол кезде астаналықтар Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өте алған еді.