• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Трамп президенттік пен продюсерлікті қатар алып жүрмекші

98 рет
көрсетілді

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп атақты NBC телеарнасының The Celebrity Apprentice (Танымалдың шәкірті) реалити шоуының атқарушы продюсері қызметіне келді, деп хабарлайды BBC.

Трамп 2008-2015 жылдар аралығында осы бағдарламаның жүргізушісі болғанын еске сала кетейік. Алайда өткен жылдың жазында Трамптың мексикалықтарға қатысты сайлауалды сөзінде айтқан даулы мәлімдемесінен кейін телеарна онымен келісімшартты бұзған еді. Одан кейін бағдарлама мүлде тоқтаған.

Бағдарламаның жаңа шығарылымдары 2017 жылдың 2 қаңтарынан басталады. 15 маусымның жүргізушісі голливудтық актер, Калифорния штатының бұрынғы басшысы Арнольд Шварценеггер болмақ.

The Celebrity Apprentice шоуына әр түрлі атақты адамдар келіп, белгілі бір қайырымдылық шараларына барынша көп ақша жинау үшін сайысқа түседі. Трамптың бұл келісімшарты әзірге егжей-тегжейлі айтылмайды. Нақтырақ айтар болсақ, президенттің бұл жұмыстан қанша жалақы алатыны белгісіз. Естеріңізге сала кетейік, сәл ертеректе Трамп президенттікпен бірге өзінің бизнесін қатар алып жүрмейтінін айтқан еді.