• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Microsoft LinkedIn әлеуметтік желісін сатып алды

104 рет
көрсетілді

Microsoft  LinkedIn әлеуметтік желісін 26,3 млрд долларға сатып алды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.  Microsoft-тың бас директоры Сатья Наделланың айтуынша, екі компания бірігуінің болашағы зор болмақ. — Жарты жыл бұрын айтқанымыздай, біз аталған әлеуметтік желіні дамытқымыз келеді, - дейді Наделла. Ал LinkedIn басшысы Джефф Вейнер екі ірі кәсіби маманданған компания жұмысы одан да табысты болатынына сенімді. Естеріңізге сала кетсек, Microsoft LinkedIn әлеуметтік желісін сатып алғысы келетіні туралы 2016 жылдың маусым айында айт0н болатын. 6 желтоқсанда кеңес әлеуметтік желіні белгілі бір талаптарды орындағанда ғана сатуға рұқсат берді. Нәтижесінде, Microsoft әлеуметтік желіге Outlook поштасына тікелей қолдануға рұқсат беруі керек. LinkedIn әлеуметтік желісі 2003 жылы мамыр айында іске қосылған болатын. Бүгінгі таңда оның 450 млн тұтынушысы бар.