• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Ауыл шаруашылығында ғылым мен өндіріс бірге жұмыс істеуі керек

233 рет
көрсетілді

АӨК мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И. Мырзахметовтың тапсырмасымен агроном ғалымдар еліміздің барлық өңірлерінде ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі. Кездесудің негізгі мақсаты – отандық және шетелдік жетекші агротехнологиялар мен инновацияларды айналысқа енгізу арқылы бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін ұлғайту, «ҰАҒБО» КЕАҚ ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуымен инновациялық бизнес-жобаларды бірлесе іске асыру, агроөнеркәсіптік кешеннің инновациялық үдерісіне агробизнес субъектілерін тарту механизмдерін анықтау. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасы Асқар Наметов Қостанай облысының аймақтық орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ел ішіндегі кездесулердің қорытындысын және де агроөнеркәсіптік кешені саласының даму мәселелері мен жаңа ғылыми жолдар туралы айтып өтті. Өз сөзінде, А.Наметов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Үкімет пен Парламент Мәжілісі отырысында таныстырған АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Бағдарламаның басты міндеті – АӨК бәсекеге қабілетті өнім нарығында сұранысқа ие өндіріспен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, ол аграрлық ғылымның дамуы, өндіріске ғылым мен білімнің интеграциясы проблемалары мен стратегиялық мәселелеріне тоқталды. «Жүйелі түрде туындаған мәселелерді талдаудың барысы Қазақстанның аграрлық ғылымының стратегиялық мақсаты – агробизнестің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған және де ғылыми негізделген бәсекеге қабілетті өнімді алу екендігін көрсетіп отыр», – деді А.Наметов. Қазіргі таңда «ҰАҒБО» КЕАҚ білімді, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметтерін таратудың тиімді жолдарын қарастыруда. Сонымен қатар, «ҰАҒБО» КЕАҚ құрамында аграрлық технологияларды трасферттеу және коммерциализациялау орталығы (АТТК) жұмыс істейді. Орталықтың негізгі қызметі отандық ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғылыми-техникалық нәтижелерін енгізуге бағытталған. Қазіргі таңда Қазақстанда шетелдік инновацияларды енгізу үшін АТТК қызметін кеңейту мәселесі қарастырылуда. Осы аталған мәселелерді шешу арқылы ғылыми ұйымдардың қызметін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қажеттіліктеріне сәйкес өндіріске жаңа технологияларды енгізуге бағытталған зерттеу жұмыстарын дамытуға жол ашады.