• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Желтоқсан, 2016

Қостанай облысында үй өртенді

170 рет
көрсетілді

Қостанай ауданындағы Заречный ауылында үй түнде өртенген. Өрт сөндірушілер  түн ортасында үйден 24, 33 және 35 жастағы үш ер адамның мәйітін тапты. Қаза болған  24 жастағы жігіт  Өзбекстанның азаматы болған. Тілсіз жауды 21 адамнан тұратын өрт сөндірушілер 7 өрт сөндіру техникасымен  түнгі сағат 01:30-де ғана ауыздақтады.  Жанған үйден 50 литрлік 4 пропан баллон шығарылды. Өрттің шығу себебін Қостанай аудандық ішкі істер бөлімі  тексеріп жатыр. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»  
Соңғы жаңалықтар