• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2016

Астанада демалыс күндері ауа райы күрт суытады

375 рет
көрсетілді

Ауа райының бұзылуына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режімде жұмыс істеуде. «Астана Тазалық» ЖШС мәліметтеріне сәйкес, бүгін қар тазалау жұмыстарына 350 арнайы техника тартылды. Қала көшелеріне 357 жол жұмыскері шықты, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Синоптиктердің болжамына сәйкес, желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. «Атлантиканың үстінде түзілген циклондар үлкен жылдамдықпен құрлыққа жақындап, Сібірге бағыт алады. Ал циклонмен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстандағы ауа райына әсер етуде. Осыған байланысты демалыс күндері қар жауып, бұрқасындатады, батыстан қатты жел соғады», - деп хабарлайды Қазгидромет. Ертең көшпелі бұлт шығады, оқтын-оқтын қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, кейде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Термометр бағаны түнде -19…-21°С, кей жерлерде -28°С, күндіз -8…-10°С болады. 11 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, оқтын-оқтын қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні кейде  15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -13…-15°С, күндіз -3…-5°С. Боранға байланысты республикалық маңыздағы тас жолдар жабық.