• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2016

Қазақстанға Израильдің премьер-министрі келеді

164 рет
көрсетілді

14 желтоқсан күні елімізге Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы елдің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Михаэль Бродский хабарлады. Биньямин Нетаньяху еліміздің  тәуелсіздігін алған кезден бері Орталық Азияға ресми сапармен келе жатқан Израильдің алғашқы премьер-министрі. Баспасөз мәслихатында дипломат Израильдің  дүниежүзінде медицина, технология, ауылшаруашылық және су ресурстарын басқару салаларында жетекші орын алып, «High-Tech» елі деген атаққа иеленіп отырған мемлекет екенін атап өтті.  Сондықтан екі ел басшыларының кездесуінде Израильдің тәжирибесі көбірек сөз болатынын, ал кәсіпкерлердің қатысуымен өтетін бизнес форумда ауылшаруашылық, медицина, энергетика, қауіпсіздік жүйелері мен қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы қазақстандық және израильдік ірі компаниялардың басшылары көптеген құжаттарға қол қоятынын айтты. –Израиль мен Қазақстан арасындағы экономикалық өзара әрекеттестік кейбір салаларда табыстарға жетіп отыр. «Израильде жасалған» сауда таңбасымен, тампшылап суғару жүйелері, жылыжайлар, құс фермалары, қауіпсіздік пен биллинг жүйелері Қазақстанда танымал және кең қолдануда. Осы форумда ауыл шаруашылық кластерін құру, екіжақты ауылшаруашылық жобаларды дамытудың қаржылық механизмін құру, технологиялық жобалар трансфертін және маңызды өзара инвестицияларды қолдану сияқты мәселелер талқыланады,- деді Михаэль Бродский. Дастан Кенжалин, "Егемен Қазақстан".