• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2016

Үкімет әлеуметтік сала ұйымдарын бәсекелі ортаға беруді ұсынды

168 рет
көрсетілді

Әлеуметтік сала ұйымдарын бәсекелі ортаға беру ұсынылды. Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов республикалық және коммуналдық меншік үйымдарын, сонымен қатар квазимемлекеттік кәсіпорындарды «Yellow Pages Rulle» аясында бәсекелі ортаға шығару бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндама жасау кезінде айтты. Әлеуметтік сала ұйымдарын бәсекелі ортаға беру мемлекет меншігіндегі ұйымдарды коммерцияландырудың екінші кезеңінде мүмкін болмақ. Қаржы министрінің айтуынша, алғашқы кезеңнен кейін мемлекет меншігінде 5 991 ұйым қалады. Оның жартысына жуығын немесе 42% -ы балабақшалар. Бестен бір бөлігін ЖОО, колледждер, қосымша білім беру ұйымдары құрайды. 13 % -ы емханалар мен ауруханалар, 8,5% –ы театр, музей, мәдениет үйлері. Қалған ұйымдар – монополия, БАҚ, ветеринарлық ұйымдар және т.б. «Негізгі бөлігін әлеуметтік сала ұйымдары құрайды. Оларды бәсекелі ортаға беруді коммерциаландыру мәселесі, ЖОО-ын реформалау аяқталғаннан кейін мүмкін болады деп санаймыз. Сонымен қатар, мемлекеттік кәсіпорындар бюджеттік бекіту - жаңа –ұйымдастыру-құқықтық формасы енгізілгеннен кейін айтарлықтай қысқаруға тиіс. Оларды одан әрі МЖӘ желісі бойынша беру жеке бизнесті белсендіруге жол ашады»,-деп атап өтті Б.Сұлтанов. Инвентаризациялаудың екінші кезеңінен кейін мемлекет меншігінде 1 400-ге жуық ұйым қалады. Баяндамашы атап өткендей, бизнес балабақшаларды сенімгерлік басқаруға алуға ниет білдіріп отыр. Арнұр Асқаров, "Егемен Қазақстан".