• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2016

«Алтын бутса» иегері анықталады

173 рет
көрсетілді

Еуропалық ұлттық футбол лигасының үздік шабуылшы жүлдесі - «Алтын бутса» үшін дау жалғасуда, деп хабарлады Sports.kz. Бірінші орынға 15 гол соққан (30 ұпай)  дортмундық «Боруссия» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамейянг шықты. Соңғы 4 турда оның есебінде 8 гол, оның ішінде мюнхендік «Бавариямен» ойында жеңіске жеткен, деп жазды Championat.com. Қазіргі сәтте қазақстандық Премьер-Лиганың үздік шабуылдаушысы «Қайрат» командасындағы ивуариялық Жерар Гоу танымал жұлдыздар Эдисон  Кавани (ПСЖ), Криштиану Роналду («Реал»), Серхио Агуэро («Манчестер Сити») және  Лео Мессиді («Барселона») басып озып,  22 голмен 14-орынға орналасты. 11-ші орында қарағандылық «Шахтердің» тәрбиеленушісі, борисовтық БАТЭ футболшысы Беларусь чемпионатында 28 ойында 15 гол соғып үлгерген Михаил  Гордейчук екенін атап өткен жөн.