• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2016

Қытайдағы кен орындарында мұнай таусылып жатыр

357 рет
көрсетілді

2015 жылғы көрсеткіш бойынша әлемде мұнай өндіруден 5-ші орын алатын Қытай биыл өндірісті тәулігіне 300 мың баррельге азайтты, деп хабарлайды investing басылымы.  Сарапшылардың айтуынша, келер жылы Қытайдағы өндіріс тәулігіне тағы 200 мың баррельге азаймақ. “Қытайдағы мұнай өндірісі табиғи жолмен азаюда. Өйткені ондағы мұнай кен орындары сарқылып жатыр. Нәтижесінде соңғы 1-1,5 жылда Қытайдың сырттан сатып алатын мұнайы көбейген”, – дейді Energy Aspects сарапшылары. Осы орайда, Қытайдың мемлекеттік мұнай компаниялары кейбір жерлердегі өндірісті жабуға мәжбүр болуда.