• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2016

Маңғыстауда жылдың көптілді мұғалімі анықталды

173 рет
көрсетілді

Маңғыстауда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін ұстаздардың арасында "Үздік көптілді педагог-2016" облыстық байқау өтті. Қазан айында жарияланған байқауға қатысушылар оқыту әдістері, тілдік қоры мен сөйлеу шеберліктері, сондай-ақ әр тілдің ережесін білуі бойынша сыналды. Байқауға облыс бойынша әртүрлі пәндерден сабақ беретін 30 мұғалім қатысып, жүйрік танылған 6 мұғалім іріктеліп шықты. Бірінші орынды жеңіп алып, «Үздік көптілді педагог - 2016»  атанған Мұнайлы ауданындағы мектептердің бірінде химия пәнінен сабақ беретін Гүлбану Бекбасарова өткен жылдан бастап үш тілді оқыту жүйесіне көшткендігін, үш тілде оқытудың ерекшелігі - өзге тілде еркін сөйлей алатын балалардың жоғары оқу орнына түскен кезде немесе шетелге шыққанда тілге қатысты қиындыққа кезікпейтіндігімен түсіндірді. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, "Егемен Қазақстан". Маңғыстау облысы