• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2016

Маңғыстауда күйшілер байқауы өтті

462 рет
көрсетілді

Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы және облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау күйінің атасы атанған кәсіби домбырашы, күйші, жыршы, халық композиторы Мұрат Өскінбайұлы атындағы VII республикалық күйшілер конкурсы өтті. Бабалар мұрасын қайта жаңғырту, мәдени-тарихи құндылықтарды сақтап, Маңғыстау өңіріне тән төкпе күй дәстүрін кеңінен насихаттау, еліміздегі күй өнерін, дәстүрлі күйлерді орындаушылардың жаңа есімдерін анықтап, Мұрат Өскінбайұлының өнер әлеміндегі өзіндік нақышты өрнегін таныту, республика аумағында күйшілердің кәсіби деңгейін, шеберлігін жетілдіру мақсатындағы конкурсқа республикамыздың 8 облысынан - Батыс Қазақстан облысынан 2, Оңтүстік  Қазақстан облысынан 1,  Қызылорда облысынан  3,  Атырау  облысынан  4, Ақтөбе  облысынан  1,  Маңғыстау облысынан 6 күйші, сонымен қатар Астана қаласынан 9, Алматы қаласынан 11, барлығы 37 күйші қатысты. ҚР еңбегі сіңген әртісі, Құрмет орденінің иегері, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның құрметті профессоры, Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің домбырашылар тобының концертмейстері Роза Айдарбаева, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның құрметті профессоры, Құрмет  орденінің иегері, күйші Сержан Шакрат, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның профессоры, халық музыкасы факультетінің деканы К.Сахарбаева сынды өнер саңлақтары қазылық еткен сайыста Бас жүлдені алматылық Таңат Сәденов иеленді. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». Маңғыстау облысы