• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2016

Қызылордада облыстық көрме-конкурс өтті

192 рет
көрсетілді

Бүгін Қызылордада «2016 жылы Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістігі үшін» облыстық көрме-конкурсы өтті. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жеңімпаздарды құттықтап, аймақ экономикасы үшін шағын және орта кәсіпкерліктің маңыздылығын атап өтті. - Қазіргі таңда облысымызда өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына зор үлесін қосып отырған 5 мыңға жуық шағын және орта бизнес кәсіпорындары және 35 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жұмыс жасайды. Аталған секторда 100 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған – бұл облыстағы экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі. Қазір де құрылып жатқан жаңа жұмыс орындарының негізгі бөлігі осы шағын және орта кәсіпкерлікпен қамтамасыз етіліп жатқандығы, кәсіпкерлікке қолайлы ортаны қалыптастырмай экономиканы дамыту мүмкін еместігі, орта сынып – қоғамдағы тұрақтылықтың негізі екендігінде ешкімнің де таласы жоқ деп ойлаймын,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. Облыстық көрме-конкурс аясында шағын және орта кәсіпкерлік өнімдері мен тауарларының көрмесі ұйымдастырылды. Конкурсқа барлығы 40 кәсіпорын қатысты. «Өндіріс саласындағы жетістіктері үшін» номинациясы бойынша үшінші орынды қазалылық жеке кәсіпкер Манас Бигерестанов, екінші орынды «МИР-2001» ЖШС алса, бірінші орынға «КНК Кемикал» ЖШС ие болды. «Азық-түлік өнеркәсібі саласындағы жетістігі үшін» номинациясы бойынша үшінші орынды шиелілік жеке кәсіпкер Сабыр Ермаханов иеленсе, екінші орынды «Қарашалаң» сервистік дайындау орталығы» алды. Ал бірінші орынға «Қылыш» шаруа қожалығы ие болды. «Жеңіл өнеркәсіптегі жетістіктері үшін» номинациясы бойынша үшінші орынды Сырдария ауданының жеке кәсіпкері Жәнібек Маханбет, екінші орынды жеке кәсіпкер «МСК», ал бірінші орынды «DALATEX» ЖШС алды. Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұдан бөлек, кәсіпкерлер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. 1991 жылы дүниеге келген Тәуелсіздіктің төл құрдастарына жеке наградалар табысталды.