• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
12 Желтоқсан, 2016

Жетісу өңірінің жастары флешмоб ұйымдастырды

143 рет
көрсетілді

Ұйымдастырылған «Ұлы дала ұрпағымыз» атты флешмобты Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына жасаған ерекше тартуымыз дейді. Олар күмбірлетіп күй шертіп, патриоттық əндерді əуелетіп шырқады. Ерекше қойылым қаладағы ойын-сауық кешеннің бірінде өтті. Жергілікті тұрғындардың аталған шараға ықыластары ерекше болды. Тамашалауға лег-легімен ағылды. Олардың назарына 100 -ден аса оқушы «Балбырауын» мен «Сарыарқа» күйлерін орындады. Айта кетейік, еліміздің барлық облыс орталықтары мен қалаларындағы  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары «Біз - Ұлы дала ұрпағымыз» атты флешмобты  бір мезетте ұйымдастырды.