• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2016

Референдумды байқауға қатысты

199 рет
көрсетілді

11 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Қырғыз Республикасында өткен референдумды байқауға қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі. Б.Имашев Қырғыз Республикасының сайлау және референдумдарды өт­кі­зу жөніндегі орталық Сайлау ко­ми­с­сиясының төрайымы Н.Шай­лда­бе­к­о­- ва­ның шақыруы бойынша «Қырғыз Рес­публикасының Конституциясына өзге­рістер енгізу туралы» Қырғыз Рес­пуб­­ликасы заңының жобасы жөнінде ре­­фе­рендумды байқау аясында бірқатар сай­­лау учаскелерін аралап, дауыс беру жә­не дауыстарды санау рәсімдерін ұйым­дастырудың ерекшеліктерімен, учас­келік сайлау комиссияларының жұ­мысымен, олардың сайлау процесінің ашықтығын және оның ұлттық сайлау заңнамасына сәйкес өтуін қамтамасыз ету үшін жасалған қажетті шаралармен танысты. Байқау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Ортсайлауком басшысы референдумның жоғары дең­­гей­де ұйымдастырылғанын, учас­ке­лік сайлау комиссияларының кә­сіп­қой­лығын, сайлау процесінің тра­н­с­па­ренттігі мен ашықтығын атап өт­ті. Сай­лау­ға әлемнің 35 елінің 46 ха­лық­аралық ұйым­ынан барлығы 181 ха­лық­аралық бай­қаушы аккредиттелген екен. Қазақстан Республикасы Орталық сай­лау комиссиясының төрағасы Б.Имашев Қырғыз Республикасы Сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі орта­лық комиссиясының төрайымы Н.Шайлдабековамен кез­дес­ті. Кездесу шең­берінде Қырғыз Рес­­публикасында ре­ферендумды өт­кі­зу­дің тәжірибелік аспе­ктілері, нау­қан­ның ерекшеліктері мен сайлау ба­ры­сының айқындығы және оның ұлттық сай­лау заңнамасының норма­ларына сәй­кестігін қамтамасыз ету үшін қажетті ша­ралардың қолданылуы талқыланды. Н.Шайлдабекова Б.Имашевқа референдумды байқауға қатысқаны үшін алғысын білдіріп, елде референдуммен қатар жергілікті өзін өзі басқару органдарының депутаттарын сайлау өтуіне байланысты Қырғызстанның сайлау органдарына екі есе салмақ түскенін атап өтті. Сондай-ақ, биылғы жылы референ­дум­да дауыс берудің ерекшелігі – сай­лау­шылардың биометрикалық дерек­те­рі­нің негізінде дауыс беруі болды. Бұл қадам сайлаудың транспаренттігін қам­тамасыз етуге ықпал етеді. Б.Имашев Н.Шайлдабековаға ұсын­ған ақпараты үшін ризашылығын біл­дір­­­ді, сондай-ақ, Қырғыз Рес­пуб­ли­ка­сы мен Қазақстан Республикасы сай­лау органдарының арасында көп­теген ба­ғыт­тар бойынша тиімді қыз­мет жасауға мүм­кіндік беретін жы­лы се­ріктестік қа­рым-қатынас орнық­қа­нын атап өтті. 2012 жылы екі ел ведомство­ла­рының ара­сында Өзара түсіністік ту­ралы ме­морандумға қол қойылған бо­латын.