• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2016

Парламентаралық әріптестік жайы қаралды

174 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев ресейлік депутаттарды Конституция күнімен және өз елдеріндегі парламенттік сайлаудың табысты өтуімен құттықтады. Төраға ресейлік парламенттің қазіргі құрамы Ресей Федерациясының экономикалық әлеуеті мен оның халықаралық орнын нығайту жөніндегі барлық міндеттерді нәтижелі атқаратынына сенім білдірді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қ.Тоқаев екі мемлекет те осы қысқа мерзімде жүз жылға татитын жолдан өткенін атап өтті. «Мемлекет басшыларының күш-жігері арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастар сатысына шықты», – деді ол. Қ.Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтағы, оның ішінде мемлекетаралық маңызды құжаттарды уақытында ратификациялау арқылы оң өзгерістерге қол жеткізудегі Қазақстан мен Ресей парламенттерінің зор рөлін атап өтті. Төраға Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық үнқатысуын одан әрі нығайтуды, әсіресе, дүние жүзіндегі парламентаризмнің рөлі артып келе жатқанда уақыттың өзі талап етіп отырғанын айтты. Қ.Тоқаевтың айтқандарымен келісе отырып, В.Володин қазақстандық депутаттарды еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады: «Біздің парламенттік қатынастардың ерекше сипаты ескеріле отырып, одан әрі дами береді. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастарды паш етеді», деді В.Володин.