• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2016

Павлодарда омыртқа ауруларын емдейтін мекеме ашылды

276 рет
көрсетілді

Павлодар облысы Май ауданында омыртқа ауруларын емдейтін еліміздегі алғашқы мемлекеттік орталық ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Орталықта бір мезетте 30 адам емделе алады. Орталық омыртқа ауруларына шалдыққан және түрлі жарақаттан кейін тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды оңалтуға бағытталған. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 50 миллион теңге бөлінген. Май ауданында жұмыс сапарымен болған облыс әкімі Болат Бақауов орталықтың ашылуының арқасында 40 адам жұмыспен қамтылғанын тілге тиек етті. «Орталыққа келген науқастар осында тәжірибесімен бөлісіп, бір-біріне кеңес бере алады. Облыс тұрғындарының 3 пайызы – мүмкіндігі шектеулі жандар. Орталықтың ашылуы және мамандардың көмегімен оңалту жұмыстары оң нәтиже береді деген ойдамын», – деді облыс әкімі Болат Бақауов Павлодар облысы мүгедектер қоғамының төрағасы Георгий Четвериковтің айтуынша, бұрын науқастар тек қана 10 күндік оңалтудан тегін өтсе, орталықтың пайда болуымен бұл мерзім 45 күнге дейін созылады. Айта кетерлігі, мұнда арнайы реабилитолог маман науқастарға бірінші кезекте өзіне-өзі көмек көрсетуді, екіншіден, өзіне және айналасындағыларға пайдасын тигізуді және қоғамға бейімделуді үйретеді. Сондай-ақ, су асты массаж, тренежер залы және емдік дене тәрбиесі қарастырылған.