• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2016

Трамп өз бизнесін балаларына табыстайды

134 рет
көрсетілді

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп мемлекетті басқаруға көбірек ден қою үшін  компанияларының тізгінін өзгелерге ұстататынын мәлімдеді, деп хабарлайды BBC. «Мен президенттің жұмысына ден қою үшін өзімнің компанияларымнан кетемін. Десек те бұлайша жасауға заң бойынша міндетті емеспін», – деп жазды Д.Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында. Ол  компаниялардың жұмысын балалары Дон мен Эрик, сондай-ақ басқарушылар жүргізетінін тілге тиек етті. Сонымен қатар Д.Трамп өзі президенттікте отырған кезде компаниялары жаңа мәмілелер жасаспайтынын атап өтті. Ол жақын аралықта баспасөз жиынын өткізіп,  бизнесінің одан арғы тағдыры, сонымен бірге министрлер кабинетіндегі тағайындаулар туралы айтпақшы.