• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2016

Елбасы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтарды табыстады

174 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтарды табыс етті. Салтанатты шарада Президент осы жылы Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссия 4 туындыны іріктеп алғанын айтты. «Жоғары марапатқа елордамыздағы «Мәңгілік ел» монументінің авторлары лайық болып танылды. Астанада мұндай ғимараттар аз емес. Дегенмен «Мәңгілік ел» мағынасы жағынан да, көркемдік жағынан да өзімізге де, басқаларға да белгілі болып келе жатқан ғимарат. Бұл тәуелсіз еліміздің мәртебесін сәулет өнері арқылы сәтті айшықтайтын туынды деп санаймыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Келесі сыйлық «Құнанбай» фильмін түсірген шығармашылық топқа берілді. «Кинода ұлы Абайдың әкесі Құнанбай тағдыры арқылы халық өмірінің күрделі кезеңі бейнеленді», – деп атап өтті Елбасы. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы кезекті сыйлықты белгілі жазушы Бексұлтан Нұржекеевке «Әй, дүние-ай» романы үшін табыстады. «Бұл шығарма еліміздің тәуелсіздікке дейінгі 75 жыл тарихын қамтиды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Жетісу халқы басынан өткізген қилы кезең романның өзегіне айналған. Бүкіл қазақ халқының басынан өткен зұлматтың көрінісі болып саналады», – деді Президент. Мұнан соң Елбасы 4-ші Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тарту» жұмыстар циклі үшін суретші Камиль Муллашевқа берді.