• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2016

Африка құрлығының үздік футболшысы анықталды

181 рет
көрсетілді

  BBC нұсқасы бойынша «Лестер Сити» клубының футболшысы Рияд Марез Африка құрлығының 2016 жылғы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлады eurosport.ru. «Африкалық футболшылар үшін бұл сыйлықтың мәні зор. Мұндай жетістікке жеткеніме қуаныштымын. Үздік болу үшін әлі де жетілуім қажет. Қандай нәтижеге қол жеткізетінімді алдағы уақытта көре жатармыз», – деді Марез. Айта кетейік, 2015/16 маусымында Марез «Лестер Сити» клубымен Англия чемпионы атанды. Сол маусымда 37 матчқа қатысып, 17 голдың, 11 нәтижелі пастың авторы атанды. Ал 2016/17 маусымында 15 кездесуде 3 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.