• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2016

«Қайрат» Покатиловты сатып алды

254 рет
көрсетілді

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Алматының «Қайратымен» келісімшартқа отырды деп хабарлады fckairat.com. 24 жастағы голкипер үш жылдық келісімшартқа отырды. Бұдан бөлек қосымша екі жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Айта кетейік, ол осы жылдың ақпан айында «Ақтөбе» сапынан Ресейдің «Ростов» командасына ауысқан. Алайда, ресейлік клубта бір де бір матч өткізбеді. ҚПЛ-2016 маусымының екінші жартысында «Қайратқа» жалға берілді. Мұнда 8 матч өткізіп, 6 гол жіберіп алды.