• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2016

Трамп мемхатшылыққа Exxon Mobil атқарушы директорын тағайындады

90 рет
көрсетілді

Дональд Трамп дүйсенбі күні Exxon Mobil компаниясының атқарушы директоры Рекс Тиллерсонды мемлекеттік хатшы лауазымына тағайындады, деп хабарлайды New York Times.

Бұл лауазымға ертеректе Нью-Йорк әкімі Рудольф Джулиани лайық деп танылған еді. Алайда, Трамп өзінің ең жақын қолдаушысын емес, сенатқа кандидат ретінде қарастырып жатқан Exxon Mobil директорын дұрыс көрген екен.

Тиллерсонның кез келген әрекеті саясаткерлер тарапынан жіті бағалауда болады, деп жазады басылым. Өйткені ол бұрын Ресеймен тығыз әріптестік орнатып, 2013 жылы тіпті Ресейдің "Достық" орденімен марапатталған еді.

Жалпы, сарапшылар мұнай компаниясының қызметкері ретінде жаңа мемлекеттік хатшы АҚШ мүддесін қорғауда тәжірибесіз емес екенін алға тартады.

Мамандардың болжауынша, Тиллерсонның мемлекеттік хатшы болуы АҚШ-Ресей қатынасын жақындастырмақ.