• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2016

Измир әкімі қазақстандық студенттермен кездесті

181 рет
көрсетілді

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Түркия Республикасының Измир қаласында Измир әкімі Эрол Айылдыз бір топ қазақстандық студенттерді қабылдады. Қабылдау барысында қазақстандық студенттердің топ басшысы Мұрат Оңғарбай, еліміздің тәуелсіздігін алғаш болып мойындаған бауырлас ел Түркия мемлекеті екенін тілге тиек ете отырып, қазақстандық студенттердің ұйытқы болуымен өткізгелі отырған Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиынның сыйлы қонағы болуға шақырды. Сондай-ақ, қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрі баяндалған кітап пен естелік сыйлықтар табыс етті. Қазақстан мен Түркия – түбі бір, тарихы ортақ бауырлас ел. Бүгінде қос мемлекеттің рухани қарым-қатынасы өз арнасып тауып, бағытын айқындады. Жылы шырайлы өткен кездесуде екі елдің мәдениет, тіл, дін және рухани салалардағы жақындығына тоқталған Измир қаласының әкімі Эрол Айылмаз барша қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады. Айта кетейік, осы шара аясында 16 желтоқсан күні Еге университеті Түркі дүниесін зерттеу институтының конференция залында өнерлі жастардың қатысуымен концерт ұйымдастырылады. 17 желтоқсан күні тоғыз құмалақ, асық ойындары сияқты ұлттық ойындарымыз насихатталып, футболдан турнир өтеді. Айман МҰҚЫШЕВА, "Егемен Қазақстан".