• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2016

Мұнай нарығындағы өзгерістер Еуроодаққа кері әсер етуде

121 рет
көрсетілді

Еуропа Орталық банкі қызметкері Ардо Ханссонның мәліметінше, мұнайдың қымбаттауы еуроаймақтағы инфляцияны көбейтіп жіберуі мүмкін, деп хабарлайды investing басылымы. "Инфляция жыл басындағы болжамнан асып түсуі мүмкін. Мұнай нарығы Еуроодаққа кері әсерін беруде", - дейді Ханссон. Өткен аптада Еуропа Орталық банкі инфляция деңгейін 2017 жылы 1,3 пайыз болады деп есептеген. Ал 2018-2019 жылдары 1,7 пайыз шамасында болжанған. Бірақ соңғы жаңалықтардан кейін бұл көрсеткіш 2 пайызға жетуі ықтимал.