• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2016

Маркаларға мөр басылды

326 рет
көрсетілді

«Қазпошта» Алматыда өтетін Универсиаданы мәңгілік есте қалдыру мақсатында арнайы пошталық маркалар шығарып отыр. Осыған орай «Алматы Арена» ғимаратында салтанатты түрде маркаларға мөр басылды. Сондай-ақ, «EMS-Kazpost» 2017 жылғы Универсиаданың ресми курьері деп танылды. Маркаға мөр басу салта­на­тын­да Ал­маты қаласын­дағы 2017 жыл­ғы XXVIII Дүние­жүзі­лік қысқы Универсиаданы ұйым­дас­­ты­ру және өткізу дирек­ция­сы­ның же­тек­шісі Наиль Нуров пен «Қаз­пош­та» АҚ «EMS-Kazpost» фи­лиа­­лының дирек­торы Еркінбек Дуску­жанов мәмі­леге келіп, қол алысты. – Біз енді Универсиаданың рес­ми курьері – «Қазпошта» АҚ-тың «EMS-Kazpost» филиалы бол­ғанын қуана хабарлаймыз. Ди­рек­циямыздың хат-хабарларын әлем­нің әр түкпіріне және өз елі­міз­дің кез келген тұрғылықты ме­­ке­­ніне жедел жеткізе алатын ком­­па­­нияны таңдау біз үшін өте ма­ңыз­ды. Біздің талаптарымызға «EMS-Kazpost» толығымен сәй­кес келеді. Сонымен қатар, бұл ком­па­ния эстафета алауы­на керек­ті ірі көлемдегі жүк­ті де тасы­мал­­дай­­ды. Ал Универсиаданың құр­­метіне мар­ка шығару – бұл ша­ра­­ның ел тарихындағы маңыз­ды­лы­ғын көрсетеді, – деді Наиль Нуров. Өз кезегінде «Казпоштаның» «EMS-Kazpost» филиалы да Уни­вер­сиаданың ресми курьері болу ұсынысын қуана қабылдаған. – Осы серіктестік барысында біздер шет мемлекеттерге мыңнан астам сәлемдемелерді жеткіземіз, ал Қазақстан бойынша 10 тонна ша­ма­сындағы ірі көлемдегі жүк та­сы­­мал­даймыз. Сонымен қатар, біз тауар­лар мен басқа да құн­ды­лық­­та­рды сақтауға арналған 500 шар­­шы метрлік қойманы пайда­ла­нуға береміз, – дейді «Казпош­та» АҚ «EMS-Kazpost» филиа­лы­ның директоры Еркінбек Дускужанов. «Алматы қаласындағы 2017 жылғы ХХVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада» тақырыбындағы «Спорт» топтамасындағы пошта­лық блоктың маркасы 4 бояулы оф­сет­­ті тәсілмен басылған, пер­фо­ра­­ц­ия­сы жақтаулы. Блоктың өл­шем­і 90 х 100 мм. Марканың өлшемі 28 х 40 мм. Таралымы – 7 500 блок. Сурет­ші К.Плу­жникова. Белгі­лен­ген бағасы 300 тең­­ге. Пош­та­лық мар­калар «Қазақ­­стан Рес­пуб­лика­сы Ұлттық Банкі­­нің Банк­нот Фаб­рикасы» Рес­­пуб­­лика­лық мем­ле­кетт­ік кәсіпор­нын­да басып шығарылды. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»