Биыл жарық көре бастағандарына 85 жыл толған облыстық «Орталық Қазақстан» мен «Индустриальная Караганда» газеттерін өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков марапаттады.
Облыс әкімі қос басылымның қызметкерлерін айтулы мерейтойларымен құттықтап, байырғы басылым басшыларының әрқайсысына 5 миллион теңгенің сертификаттарын табыс етті.
Қайрат Әбілдинов, "Егемен Қазақстан".