• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2016

79 қызылордалық мемлекеттік награда алды

189 рет
көрсетілді

13 желтоқсан күні Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айдар Әріпханов қатысты. Жиында аймақтың тәуелсіздік жылдарындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі сараланды. Бұдан бөлек, түрлі салаларда еңбек етіп жүрген 79 адам орден, медальдармен марапатталып, Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарына және 4 ардагер «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев атап өткендей, Қызылорда облысы ширек ғасыр ішінде экономика мен өнеркәсіптің барлық салаларында тұрақты дамуға қол жеткізді. - 2017 жылдан бастап облыста Қазақстандағы алғашқы шыны зауыты жұмысын бастайды. Болашақта аймақтық экономиканың тірегіне айналуы тиіс тау-кен металлургия өнеркәсібі дамуда. Бұл жетістіктердің барлығына Елбасының сарабдал саясаты мен күш-жігерінің, халқымыздың бірлігі мен ынтымағының арқасында  қол жеткіздік,- деп атап өтті Қ.Көшербаев. Жиында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі ерекше атап өтілді. Солтүстік Арал арнасының қайта қалпына келуі, «Байқоңыр» ғарыш айлағының дамуы, аймақтағы уран және мұнайгаз өнеркәсібінің құрылуы, күрделі әлеуметтік мәселелердің шешілуі, Сыр өңірінің көлік-логистикалық әлеуетін қалыптастыру, сондай-ақ қазақ халқының рухани мұраларының жаңғыруы Елбасының айрықша еңбегі ретінде атап өтілді. Салтанатты шараның соңы белгілі орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен мерекелік концертпен  қорытындыланды.