• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2016

Таразда "Тәуелсіз Қазақстан" монументі ашылды

670 рет
көрсетілді

Тараз қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай биіктігі 14 метр болатын «Тәуелсіз Қазақстан» монументі ашылды. Салтанатты жиынға облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, интеллигенция өкілдері мен саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер мен жастар қатысты. Шара барысында өңір басшысы монументке гүл шоқтарын қойып, барлығын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. «Бұл ұрпақтар ұрпаққа беріліп отыратын тәуелсіздіктің символы. Оның жоғары жағында «Қазақстан-2050» Стратегиясының белгісі бар. Ол халықтың бірлігін білдіреді. Тәуелсіздік – бізге ортақ құндылық. Елбасының басшылығымен біз әлеуметтік-экономикалық, саяси қиыншылықтардан өттік, дамыған 50 елдің қатарына кірдік», деді облыс әкімі.