• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2016

Антиядролық қозғалыстағы көшбасшылығы аталды

208 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Парламентшілер ядролық қаруды таратпау және жою жолында» (PNND) халықаралық ұйымының жаһандық үйлестірушісі Алан Варэні қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Төраға «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясын табысты өткізуге қосқан қомақты үлесі үшін парламенттік ұйымға алғыс айтты. Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған форум биылғы 29 тамызда Астанада өткен болатын. А.Варэ тамыз конфе­рен­ция­сының қатысушылары қабылдаған «Астана көзқарасы: радиоактивті түнектен ядролық қарусыз әлемге қадам» декларациясын БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдарда таныстырылғаны туралы хабардар етті. Үйлестірушінің айтуынша, халықаралық қоғамдастық қару­­сыздану және оны таратпау саласындағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбас­шы­лығы мен сындарлы ұсыныс­тарын атап өтуде. PNND Қазақ­станның, оның ішінде еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сіне мүше бол­ған кезеңдегі саясатын жан-жақ­ты қолдауды жалғастыра беруге ниеттеніп отыр.