• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2016

Adidas 3D-принтерден аяқ киім шығарды

172 рет
көрсетілді

Adidas компаниясы 3D Runner аяқ киімін толығымен 3D-принтерде шығарды, деп хабарлайды TJournal. Бұл аяқ киімді 15 желтоқсаннан бастап Нью-Йорк, Токио мен Лондон қалаларындағы фирма дүкендерінен ғана алуға болады. Компания өкілдерінің айтуынша, ол жүгірумен жиі айналысатын адамдарға арналған. Сонымен қатар бағасы 333 доллар болатын бұл үлгілердің саны да шектеулі екен. 3D Runner кроссовкаларының сырт пішіні компанияның жазда өткен Рио Олимпиадасына қатысушыларға сыйлаған аяқ киіміне ұқсайды. Сарапшылар оны көпшілігі өзі үшін емес, кейін қымбатқа сату үшін алуды жоспарлап отыр дейді.