• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2016

"Егемен Қазақстан" шығарған кітаптардың тұсаукесері өтуде

152 рет
көрсетілді

Астанада Ұлттық академиялық кітапханада "Егемен Қазақстан" шығарған 4 кітап таныстырылып жатыр. Олар: "25 жылдың 25 сəті", "Жиырма бес жыл: жеңістер мен жемістер", Əбіш Кекілбаевтың "Егемендегі" мақалаларынан тұратын "Дəуір дауысы" кітабы жəне "Етжеңді" Егемен Қазақстан" жинағы. Жиынды ашқан басылым басшысы Дархан Қыдырəлі əр кітаптың мазмұны, маңызы жайлы қысқаша əңгімеледі. Мысалы, "Жиырма бес жыл: жеңістер мен жемістер" кітабы тəуелсіздік үшін аса маңызды жылдардың əрбіріне егжей-тегжей тоқталады. Ондағы мақалалардың авторлары қатарында Мырзатай Жолдасбеков, Жабал Ерғалиев, Нұрлан Оразалин сияқты есімі елге белгілі тұлғалар бар. "Дəуір дауысы" туралы айта келе басылым жетекшісі "Егемен Қазақстанда" еңбек еткен қаламгерлердің жинақтары əлі де шығатынын жеткізді. Соның ішінде жазушы əрі публицист Шерхан Мұртазаның жақында жарық көретін кітабы "Намыс найзағайы" деп аталмақ. Жиынға Мырзатай Жолдасбеков, Ақан Бижанов, Сұлтан Оразалин, Серік Қирабаев, Бауыржан Омаров, Несіпбек Айтұлы сияқты мемлекет, қоғам жəне мəдениет қайраткерлері қатысып, лебіздерін білдірді.