• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2016

Шетелдік инвесторлар Қазақстанға орала бастады

311 рет
көрсетілді

Қазақстан экономикасына жергілікті бизнестен гөрі, шетелдік инвесторлар көбірек сенеді. Үстіміздегі  жылы елімізге келген шетелдік тікелей инвестиция ағыны артқан, деп хабарлайды abctv.kz. Қаңтар-шілде аралығында Қазақстан экономикасына құйылған  инвестиция өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға көп. Жалпы алғанда Қазақстанға 9,3 млрд доллар инвестицияланған. Қазақстанға шетелдік инвестицияның қайта оралуы қазақстандық инвесторлар өз қаражаттарын сыртқа әкетіп жатқан тұста орын алып отыр.  Үстіміздегі жылдың 6 айында Қазақстаннан  тікелей инвестициялардың жалпы жылыстау көлемі 3 млрд долларға жуықтады. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. Қазақстандық инвесторларға қысым экономикадағы жағдайға теріс әсер етті. 2015 жылдың төртінші тоқсанының өзінде елден бақандай  5,2 млрд доллар  инвестиция кетіп қалған.  Инвестиция үстіміздегі жылы да кете бастады, дегенмен саябырсу бар. Шетелдік инвесторлар Қазақстан экономикасына қаржы құюды өткен жылы күрт тия қойды. Осылайша олар теңге бағамы құбылып, Қазақстандағы төлем балансы нашарлап,  елде өмір сүру деңгейі,  кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі төмендеп тұрған шақта әліптің артын баққан. Жалпы 2015 жылы тұтастай алғанда барлығы 15 млрд доллар құйылған. Ол 2014 жылмен салыстырғанда  38%-ға аз. Дегенмен, биыл экономика девальвациялық талықсулардан айығып, өсім көрсете бастады, және инвестиция ағыны артып отыр.