• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2016

Ақтөбе облысында 25 жылда 55 мың пәтер салынды

218 рет
көрсетілді

1991 жылдан бері қарай тек мемлекеттік бюджет есебінен өңірде жалпы аумағы 6,1 млн. шаршы метр болатын 55 мың пәтер салынды, деп хабарлады облыс әкімдігі. Соңғы 25 жыл ішінде өнеркәсіп көлемі- 1600 есе, тартылған инвестиция – 2400 есе, жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 40 есе, ЖӨӨ- 1350 есеге артқан. 1991 жылдан бері қарай тек мемлекеттік бюджет есебінен өңірде жалпы аумағы 6,1 млн. шаршы метр болатын 55 мың пәтер, 113 мектеп, 487 мектепке дейінгі ұйым, 700 спорт ғимараттары, 122 денсаулық сақтау нысандары, 1000 шақырымнан астам автокөлік жолдары салынып, барлық аудан орталықтары газдандырылды. Туу көрсеткішінің 67,7%, халық санының 15%, өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін өсуі  – тәуелсіздік жылдары ішінде халық жағдайының жақсарғандығының дәлелі. 25 жыл ішінде аяғымызға нық тұрып, өмірлік тәжірибе жинақтадық. Мұның барлығы ел Президентінің көрегендігінің, оған деген халықтың үлкен сенімі мен қолдауының арқасында мүмкін болғандығын барлығымыз жақсы білеміз. Әкімдік хабарлағандай, Ақтөбе облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ауқымды мерекелеу 2016 жылдың қаңтар айында басталған болатын. Күн сайын өңірде айтулы мерекеге арналған ондаған шара өткізіледі. Олардың әрқайсысы "Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылы" Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасына сай, әлеуметтік- экономикалық дамудың барлық саласын қамтыды.