• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2016

Ақтауда газды поршенді электр стансасы іске қосылды

157 рет
көрсетілді

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Ақтаудағы "ҚазАзот" мекемесінде қуаттылығы 40 мегаваттық газды-поршенді электр стансасы іске қосылды. Еліміздегі ең ірі химиялық өнеркәсіп болып табылатын «ҚазАзот» мұнай және агроөнеркәсіп саласын минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп келеді. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асқан жаңа жоба бұған дейін ток көзін монополист мекемеден алып келген кәсіпорынның өзгеге тәуелділігін жойып, жұмыс қуаттылығын арттырады деп күтіледі. Құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтаған ресейлік «Звезда-энергетика» АҚ-ның бас диеректоры А.Андреев қуаттылығы мен техникалық жағынан толық қамтылған жобаның заманауи стандарттарға сай екендігін айтады. «ҚазАзотта» соңғы жылдары жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бес жыл бұрын Индустрияландыру картасына еніп, жұмыстарын жаңғыртқан зауытта жаңа жобаның іске қосылуы жұмыс қарқындылығын арттырып және жаңа жұмыс көздерін ашуға мүмкіндік береді. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».