• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2016

Қостанай облысында 30 мың жеңіл көлік шығарылған

453 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік алған 25 жылда Қостанай өңірінің экономикасы қайта жаңғырды. Өңірде бұрын жоқ өнім түрлері өндіріле бастады. Соның бірі де, бірегейі – машина жасау саласы. Қазір Қостанай еліміздегі осы саланың орталығына айналып келеді. Облыстағы  екі машина жасау зауыты бүгінге дейін 30 мың  жеңіл көлікті шығарған. Мұның сыртында зауыттар ауыл шаруашылық техникалары мен жүк машиналарын да шығарады. Алдағы уақытта  жылына 54 мың автокөлік құралдарын шығарып, оның 9,5 мыңын Ресейге экспорттау  жоспарланған. Бұдан бөлек, биыл Қостанайда электромобиль шығарылды. JAC электромобилінің 12 данасы алдағы жылы өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінде Қостанай облысының бренді ретінде көрсетілмек. Нәзира Жәрімбетова «Егемен Қазақстан»