• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2016

АҚШ-тағы мұнай қорының көбеюі теңгені әлсіретуде

207 рет
көрсетілді

Қор биржасындағы күндізгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша бір доллардың құны 331,25 теңгені құрады. Ал таңғы және күндізгі сессиялардың қорытындысы бойынша 330,58 теңге болды. Апта басынан бері салыстырмалы түрде тұрақты сақталған мұнай бағасы АҚШ-тағы мұнай қорының көбейгені туралы ақпараттың жарияланғанынан кейін аздап төмендеп, Астана уақытымен сағат 12:17-де Брент бағасы 1,11 пайыз арзандап, 55,10 долларға түсті. Сонымен қатар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай өндірісін азайту келісімінің күшіне енгеніне дейін желтоқсан ішінде ОПЕК елдері қарашадағымен салыстырғанда өндіріс көлемін көтеріп жіберген. Американлық мұнай институтының мәліметінше, АҚШ-тағы мұнай қоры апта ішінде 490,1 млн баррельге дейін жеткен. Сонымен қатар қазір нарық АҚШ Федералды қорының шешімін күтіп отыр. 13-14 желтолқсанда өтіп жатқан Федералды қор отырысында доллардың базалық ставкасы көтерілетін болса, сарапшылар доллардың күшейетінін алға тартады. Олай болған жағдайда, қара алтынның құны тағы құлдырауы мүмкін.