• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2016

Елорда балабақшаларына электрондық жолдама жүйесі енгізіледі

118 рет
көрсетілді

2017 жылдан бастап Астананың балабақшаларына жолдамалар www.e.astana.kz порталы арқылы электрондық түрде берілетін болады. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, ата-аналарға үйлерінен шықпай-ақ жолдама алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жүйе пилоттық режімде жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік балабақшаларға жолдамалар берілуде. Мемлекеттік балабақшаларға жолдамалар беруге қатысты ата-аналардың байланыс мәліметтер базасын өзектендіру мәселесі пысықталып жатыр. Ал орындарды үлестіру ересек топтарды мектепке шығарып салған соң жыл сайын жүргізілетін болады.