• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2016

Елордада бірқатар дәмханаларға айыппұл салынды

145 рет
көрсетілді

Астана қаласының «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» аудандық бөлімшелерінің инспекторлары аудан әкімдіктерінің өкілдерімен бірлесіп шағын және орта бизнес нысандарының бірінші қабаттарына жақын жатқан аумақтарды, құрылыс алаңдарын, ПИК, ПК және жеке секторды қар мен мұзды уақытында жиналуын тексеру бойынша күнделікті рейд шараларын өктізеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Нәтижесінде, «Сарыарқа» ауданы ІІБ ЖПҚ табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Жеңіс даңғылында орналасқан дәмхананың иесін ғимарат маңындағы аумақты қатқан мұздан дер кезінде тазаламағаны үшін ҚР ӘҚБК 505 б. 1 б. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпкерге 30 АЕК мөлшерінде (63 630 теңге) айыппұл салынды. Сондай-ақ, «Алматы» ІІБ ЖПҚ полиция қызметкерлері Момышұлы даңғылындағы «Тұран» мейрамханасына тиесілі аумақтан үйілген қарды уақытында тазалап, шығармағаны үшін жеке кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Оған 63 630 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Табиғат қорғау полициясының қызметкерлері тиесілі аумақты қоқыстан, қар мен мұздан тазалау бойынша жұмысты уақытылы жүргізбеу және сапасыз орындау, жұмыстарды ұйымдастырмау фактілері анықталса, заң бұзушылар ҚР ӘҚБК 505 бабы «Абаттандыру ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.