• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2016

«Егемен Қазақстанда» тәуелсіздік мейрамына орай салтанатты шара өтті

219 рет
көрсетілді

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұжым қызметкерлеріне арналған салтанатты шара өтті. Газет басшысы Дархан Қыдырәлі тәуелсіздіктің құндылығы туралы ойларын айта келе, басылымның өркендеуіне үлес қосып келе жатқан газет ұжымына алғыс білдірді. Сонымен қатар басылымның  бір топ қызметкерін Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапаттады. Олардың қатарында газеттің шолушылары Жылқыбай Жағыпарұлы, Қарашаш Тоқсанбай, Берік Садыр, тілші Жолдыбай Базар, суретші Айдарбек Ғазизов, фототілші Орынбай Балмұрат және аға беттеуші Алмас Манапов, оператор Ләззат Нұрпейісова бар. «Егемен» қызметкерлері қатарынан ардагер журналист Сүлеймен Мәмет кеше «Парасат» орденімен марапатталған болатын. Бұрынырақта ақпарат саласындағы үздіктерге берілетін «Нұр Сұңқар» жүлдесін газеттің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Оралхан Дәуіт жеңіп алған-ды. Бұдан бөлек бірнеше журналист шығармашылық байқаулардың жүлдегері атанды. Салтанатты шара соңында газет қызметкерлері ұжым болып суретке түсті.