• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2016

Алматыдағы Ұлттық ұланда Тәуелсіздіктің 25 жылдығы атап өтілді

181 рет
көрсетілді

Алматыда Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Ел Тәуелсіздігі күнін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кең ауқымда өткен шарада «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Сабыржан Сүлейменов баяндама жасап, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының және Ұлттық ұланның жеткен жетістіктерін айтып өтті. «Тәуелсіздік біздің басты құндылығымыз, баға жетпес байлығымыз. Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан шақта әскери құрылымдар арасында алғашқы болып Ішкі әскер, қазіргіше Ұлттық ұлан әскері құрылып, егеменді елдің берік қорғанына айналды. Қазіргі уақытта ұландық жауынгерлер бейбіт күнде де ерлікке орын барын дәлелдеді. Хас жауынгерлер Ербол Отарбаев, Жандос Баянбаев, Сырым Сүндетов және күні кеше ғана Елбасының қолынан үшінші дәрежелі «Айбын» орденін алған Бахтияр Қайырбеков, сонымен қатар «Халық қаһарманы» жоғарғы мемлекеттік атағына ие болған  полковник Қайрат Үмбетовтың жанқиярлық ерліктері ел есінде. Ұландық жауынгерлер қашан және қай кезде де болсын тұрақтылық пен тыныштық орнаған «Мәңгілік елдің» мәңгілік қорғаушысы бола бермек», – деді ол. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының барлық жеке құрамы, Ұлттық ұлан ардагерлері және әскери қызметшілердің отбасы мүшелері қатысқан іс-шара барысында жауынгерлік қызмет атқаруда үздік қырынан көзге түскен әскери қызметшілер грамоталармен, төс белгілермен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Әскери қызметшілерге марапаттарды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Әлібек Серәлиев табыс етті.