• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2016

Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы тағайындалды

144 рет
көрсетілді

Ардақ Теңгебаев Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды аталған комитеттің ресми өкілі Мұрат Жұманбай өзінің Facebook парақшасында. Қазақстан Үкіметінің жарлығымен Теңгебаев бұрынғы жұмысынан босатылды. 14 желтоқсанда еліміздің қаржы министрі Бақыт Сұлтанов МКК құрамымен кездесу кезінде ведомствоның жаңа төрағасын таныстырды. Қаржы министрі Ардақ Теңгебаевтың білімі мен тәжірибесі, сондай-ақ, ұжымның ауызбіршілігі мен ретті қызметі алға қойған мақсаттарды дер кезінде және сапалы орындауға мүмкіндік беретініне сенімділік білдірді. Өз кезегінде Ардақ Теңгебаев ел басшылығы мен министрліктің артқан үмітін ақтауға бар күшін салатынын айтты.